• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:19:13
+35°

Мұхтар Тайжан және Нағи Ілиясов ауылының тұрғындары/ Фото: Тайжанның facebook парақшасынан

«Қамшының» электрондық хат қоржынына Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратынан хат келіп түсті. Онда қоғам белсендісі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан «ынтымағы жарасқан ауылымыздың тыныштығын бұзды, салдарынан ауыл тұрғындары арасында араздық туындап, ел дүрбелеңге түсті» делінген. Бұған дейін Мұхтар Тайжан аталған ауыл тұрғындары «егіндік жерлерімізді депутат Абзал Ералиевтың інісі Дархан Ералиевтан қайтаруға көмектесуіңізді сұраймыз» деп хабарласқанын өзінің facebook парақшасында жазған болатын. «Қамшы» порталы әкімдіктен келіп түскен хаттың мәтінін еш өзгертпестен жариялап отыр. Қарсы тарап – Мұхтар Тайжанның айтары болса, оны да оқырманға ұсынуға әзір.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылы тәуелсіздік алған 90-шы жылдары шаруасы тұралап, қарызға батқан шығыны мол елді-мекен еді.
2004 жылы шаруашылықтың толық банкротқа ұшырауына байланысты оған тиесілі жер аумақтары аукцион арқылы егін егу мақсатында ауылшаруашылығы кәсіпорнына сатылды.
Нәтижесінде көп жылдық қарызы бар, тиімсіз деп танылған Н.Ілиясов ауылына тиесілі егін алқаптарына қайта жан бітіп, шаруашылық қайта түледі. Күні бүгінге дейін 5000 га жер игеріліп, шарушылық жылына 30 000 тонна күріш өнімін берді. Ауылда 2247 адам тұрады. "Абзал и К" компаниясы қарамағында 400-ге жуық қызметкер жұмыс істеуде. Компания жыл сайын қазынаға 120 млн теңге салық төлейді. Ауыл, аудан алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерін өтейді.
А.Ералиев осы шаруашылыққа басшылық еткен жылдары ауылда спорт кешені, стадион, әкімшілік ғимараты, мешіт құрылысын жүргізді. Мәдениет үйіне, мектепке, балабақшаға күрделі жөндеу жасалды. Ауыл толық абаттандырылып, республикадағы ең үлгілі ауылға айналды. Компания жыл сайын ауылдағы барлық мәдениет, спорттық, әлеуметтік шараларға демеушілік көрсетіп, қолдайды.
Ауылымыз ынтымағы жарасқан, ауызбіршілікте өмір сүріп жатқан. Бірақ, Мұхтар Тайжан есімді азамат келіп, сол тыныштықты бұзды. Салдарынан ауыл тұрғындары арасында араздық туындап, ел дүрбелеңге түсті. Онысымен қоймай осы ауылдың өсіп-өркендеуіне тікелей септігін тигізген азамат, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты А.Ералиев мырзаның атақ-абыройына нұқсан келтірді.
Мұхтар Тайжанның жалпақ жұртқа жария еткен мағлұматтары тексерілмеген. Нақты құжаттармен расталмаған. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, ауыл тұрғындары қол қойған деген арыз-шағымды жариялады. Бірақ, оның өзіне ауыл тұрғындарының қатысы болмай шықты. Оны тұрғындар нақтылай алады.
Н.Ілиясов ауылдық әкімдігі де халық та ұзақ жылдар бойы қалыптасқан шаруашылықтың жүйелі дамуына, тұрғындардың алаңсыз жұмысын істеп, көктемгі дала жұмыстарының дайындалғанына мүдделіміз. Егер қандай да бір дау туындаған жағдайда заңды тәртіппен қарауға ықпал етуге дайынбыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір