• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:53:48
Алматы
+35°

24-ші ақпанда Алматы облысына қарасты Түрген ауылында тұрғындардың 3 апта бойы сусыз отырғанын Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлаған болатын. Нәтижесінде халықтың жан-айқайы басшылықтың назарына ілігіп, ауыл тұрғындары толыққанды сумен қамтамасыз етілгені анықталды.

Ағымдағы жылдың 18-25 ақпан аралығында «Қонаев» атындағы ҮАК Түрген топтық су торабындағы бастапқы су қабылдау орнында таудан келетін су көлемінің  азаю  себебінен, Түрген ауылының Шынасыл Бөрке көшесінде  ауыз су тапшылығы орын алған. Округ әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылдың 19 ақпанында комиссия құрылып, жоғарыда көрсетілген су қабылдау орнында күнделікті шығып, су деңгейінің көлеміне бақылау жүргізді.

Бүгінгі таңда Түрген топтық су торабындағы бастапқы су қабылдау орнында су деңгейі көтеріліп, Түрген ауылы толыққанды сумен қамтамасыз етілуде.

Алматы облысы әкіміне Qamshy.kz ақпарат агенттігі арқылы өтініш білдірген Аладин Мұстафаев 2015-2020 жылдарға арналған шаруашылық есеп дәптерінде және «Е-халық» ақпараттық жүйесінде Түрген ауылының тұрғыны ретінде тіркелмеген. Сонымен қатар ол округ әкімі аппаратына  аталған  мәселе бойынша жазбаша және ауызша өтініш білдірмеген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір