• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 12:10:17
Алматы
+12°

Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бәсеңсігенімен, әлемнің басқа елдерінде бұл ауруды жұқтырған адамдардың саны күннен-күнге артуда. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады. 

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жайлаған елдерде Қазақстанның қанша азаматы барын айтты.

– Әрине, бұл мәселе күрделі. Әрбір мемлекетте біздің қаншама азаматымыз бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 34 мың адам, Жапонияда 180 адам, Иранда 170-ке жуық азаматымыз бар. Бұл Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі. Бұл мәселе қатаң бақылауда, – деді Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауды ескертті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір