26 Ақпан, 2020 NEWS

Гүлнәр Каримова Мирзияевке ашық хат жазды

qamshy.kz

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Гүлнәр Каримова Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке ашық хат жазды. Ол 686 миллион доллар беруге дайын екендігін хабарлаған.

Хаттың мәтінін Гүлнәр Каримованың Лондонда тұратын 22 жастағы қызы Иман Каримова өзінің Instagram парақшасына жариялады.

"Мен сізге, еліміздің басшысына көптен бері танитын адам ретінде үлкен үмітпен хат жазып отырмын. Менің жанайқайымды естиді деп үміттенем. Осы уақытқа дейін бірнеше рет түрмеден-түрмеге көштім. Барлығын ой елегінен өткізіп, шешім қабылдауға ұзақ уақытым болды", - деп жазған Каримова. 

Сондай-ақ Мирзияевке жазған хатында Каримова бір түрмеден екінші түрмеге шексіз ауысуларға және Өзбекстанның Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу кодексін бұзумен жалғасып жатқан қылмыстық істерге шағымданады.

Гүлнәр Каримова өзіне және балаларына тиесілі мүліктердің жалпы құны 1,2 миллиард доллар тәркілегеніне қарамастан, олар «материалдық шығынды» өтеуге есептелмегенін мәлімдеді. 

"Отбасым мен денсаулығымды сақтау үшін Швейцариядағы барлық мүлкімді мемлекет пайдасына бере отырып, 686 миллион доллар төлеуге дайынмен", - делінген хатта.

Каримова «мемлекет бұл мәселеге жақсы пайда көруі мүмкін және айтарлықтай мөлшерде қаражатты гуманитарлық жобаларға (медицина, білім беру және т.б.) жарата алады» деп жазған.

Хаттың соңында Каримова денсаулығы нашарлағанын, сондықтан ота жасату қажет екенін айтады.

"Жоғарыда айтылған себептерге байланысты менің үндеуім ашық түрде жарияланады деп үміттенемін және де бұған дейін жазған ресми хаттарымның сіздің қолыңызға жетпегеніне сенімдімін. Біз 7 жылдан соң бала-шағамызбен бірге өмір сүре алатынымызға сенеміз және бұл үшін сізге ризашылығымызды білдіреміз", - деп жазды Гүлнәр Каримова. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір