• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:37:04
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта адам өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жүргізіп жатқан ведомствоаралық тергеу-жедел тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің алдын ала қорытындысын, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған, қамауға алынған адамдардың санын айта алмаймын, – деді Әділов.

Бұған дейін 90 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

Департамент басшысы қазіргі таңда қамауда отырғандардың және күдікке ілінгендердің бар екенін растады. Әзіргі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір