• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:04:47
Алматы
+35°

ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов Түркістан облысында қару ұрлаған дезертир сарбаз оқиғасының егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып. 

"Шынында да бұл арада белгілі бір уақыт бойына ұрлық фактілері орын алған. Қаңтардың соңынан бастап ақпан айының ортасына дейін қару сақтау қоймасына өздігінен кіруге рұқсат алған сарбаз білдірмей күніне бір-екі мылтықтан ұрлап кетіп жүрген, - деді Әділов үкімет дәлізінде журналистер сауалына жауап бере.

Әділовтың айтуынша сарбаз жалғыз болмаған.

"Автоматтардың жайына келер болсақ, бұл кезде әскери сарбаз сырттағы өз таныстарын көмекке шақырған. Негізгі қару-жарақ түрлері бір күнде, яғни 19 ақпаннан 20-на қараған түні ұрланған. Ол екі тапаншаны сатып үлгерген, біз оны бірден тауып, 120 мың теңгеге сатып алдық. Қалған қару оның достарында сақталған, - деді Әділов.

Ол тергеу барысында 291-бап, "Қару ұрлау" және 453-бап, "Қызмет бабындағы салғырттық" бойынша қылмыстық істер қозғалғанын айтты.

"Тергеу мәліметтері бойынша, келісімшартпен әскери қызмет атқарған сержант 1995 және 1996 жылғы екі досымен 29 автомат, 28 тапанша және 2 пышақты мылтық ұрлаған.

ҚР ҰҚК мен ІІМ бірлескен жедел-тергеу тобы ізін суытпай ұрлыққа қатысы барлардың барлығын ұстап, қаруларды тәркіледі. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Түркістан облысында орналасқан әскери бөлімде қару-жарақтарды қосымша түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, үш лауазымды тұлға, атап айтқанда дивизия командирі, кезекші арнайы  уәкіл, сондай-ақ келісімшарт бойынша қызмет еткен қатардағы сарбаз әскери қызмет ережелерін бұзғаны үшін, қарудың ұрлануына әкеліп соққан немқұрайлылықтары үшін қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынды, - дейді Санжар Әділов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір