24 Ақпан, 2020 NEWS
facebook парақшасынан
Алматы облысы Түрген ауылының түрғындары сусыз отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Түрген ауылының тұрғыны Аладин Мұстафаев айтып берді.
"Алматы облысы Түрген ауылының тұрғындары 3 апта бойы сусыз отыр. Мен мұның себебін білгім келеді. Егер билік бұл мәселені тез арада шешіп бермесе, халық бұдан артық шыдай алмайды. Қыстың күні сусыз отырған тұрғындар не су іше алмай, не жуына алмай отыр. Бұл қашанға дейін жалғаспақ? Тұрғындар әртүрлі нұсқаларды айтты. Су құбырында қандай да бір ауа бітелуі пайда болғанын және белгілі бір уақыт күту керек екен. Бірақ мен кім нені күтіп отырғанын сол күйі түсінбедім. Осы жайтқа жауапты адамдардың жұмыс телефоны үнемі бос болмайды. Сонымен қатар, жергілікті нұсқалардың ішіндегі ең танымалы – су құбырлары ескірген, ал оны ауыстыруға ақша бөлінсе де жұмыс жүргізілмеген. Мемлекет тарапынан халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларына бөлінген қомақты қаражатқа қарамастан, Түрген ауылында су жоқ", - дейді Аладин Мұстафаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір