• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:35:41
Алматы
+35°

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

– Оқу орындарының кейбір басшылары "менің мектебім", "менің ұстаздарым", "менің шәкірттерім" деген сияқты тіркестерді қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп – мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы болуы тиіс, – деді Сапарбаев.

Әкім білім беру ұйымдарындағы жемқорлық мәселесіне де тоқталды.

– Директор жұмысқа орналастырғаны үшін мұғалімнен ақша алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім кейін өз ақшасын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол мектептерде ата-аналар комитетінің іс жүзінде жұмыс істемейтінін айтып, педагогтар инертті ұстанымға ие деді. Яғни, бала тәртіп бұзған жағдайда ата-аналарға шағымдана алмайтынын атап өтті. Бірақ облыстық ата-аналар комитетінің жетекшісі Эльмира Мырза-Ғали әртүрлі рейдтер бойынша аудандарды аралап шыққандарын жеткізуге тырысқанымен, аймақ басшысы нәтижесіз жұмыстың ешкімге керек еместігін ескертті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір