• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:30:37
Алматы
+35°

Шетелдегі оппозиционер, Қазақстанда "экстремистік ұйым" деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов үндеуі бойынша ұйымдастырылған митингіге қатысқан  Ерік Жұмабаев атты азамат мүгедектерге арналған арбаға танылғанына қарамастан Орал қаласынан арнайы келгенін айтты.

– Мен биліктің толығымен ауысқанын қалаймын. Диктаторлық елде өмір сүргім келмейді. Назарбаев – халық жауы. Ол тіпті мүгедектер мен көпбалалы аналарды қудалайды. Ол – диктатор. Біз осындай бай елде кедей өмір сүрмеуіміз керек. Ол бізден сөз бостандығынан бастап, пікір білдіру құқығына дейін бәрін ұрлап алды. Тіпті журналистерді де қудалайды, – деді оралдық азамат.

Мүгедек азаматтың айтуынша, "Астана" алаңына барған кезде оның жеке күтушісін полиция ұстап алып кетіп, өзі қалай қайтарын білмей отыр. Артынша, оны да арнайы жасақ өкілдері арбасымен бірге көтеріп, жедел жәрдем көлігіне отырғызып, алып кеткені белгілі болды.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір