• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:28:44
Алматы
+35°

Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жақтастары Алматы облысы Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінде ұсталып отырған қоғам белсендісі, ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамайдың қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінде жүрген Қамшы тілшісі бүгін кешке қарай ұсталған қоғам белсендісімен әлі де байланысу мүмкін болмай отырғанын хабарлады.

Ішкі істер бөлімі ғимаратына Жанболат Мамайды қолдауға 50-ден астам адам келген. Сондай-ақ ғимарат маңына полиция қызметкерлері де көптеп жиналған.

Қоғам белсендісінің жақтастары Мамаймен сөйлестірмей, қорғаушысын ішке кіргізбеуі себепті, оның қауіпсіздігіне алаңдап отыр.

Бұған дейін полицияның Жанболат Мамайды ұстап алып кеткені, оның жақтастары ынталы топ жетекшісін босатуын талап етіп, аштық жариялағаны хабарланған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір