• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
03 Сәуір, 15:49:43
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

21 Ақпан, 2020 NEWS

Полиция Жанболат Мамайды ұстап алып кетті (видео)

Жанболат Мамай

Бүгін, 21 қаңтар күні кешке қарай "Демпартия" құруға ынталы бастамашыл топ жетекшісі, оппозициялық белсенді Жанболат Мамайды полиция қамауға алды. Бұл туралы Мамайдың әйелі, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Инга Иманбай хабарлады. 

Иманбайдың сөзінше, полиция бүгін кеші сағат алты шамасында Алматы қаласында "Демпартия" құруғы ынталы топтың мүшесі Жанбол Рахматулланы ұстаған. Мамай мен оның жақтастары Рахматуланның соты болу керек болған Қарасай аудандық сотына барған кезде кемінде 10 полиция қызметкері Мамай мен оның жақтасын ұстап, Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне апарған.

Ішкі істер бөліміндегілер әзірге ешқандай түсінік берген жоқ.

19 ақпанда Мамай бастаған "Демпартия" өкілдері 22 ақпанға жоспарланған құрылтай съезд өтпейтінін, оның орнына сол күні митингіге шығатынын айтқан еді. Ал кеше Жанболат Мамай азаматтарды 22 ақпан күні Алматыдағы "Астана" алаңына митингіге келуге шақырған болатын.

Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір