• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
03 Сәуір, 16:14:56
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

21 Ақпан, 2020 NEWS

Қытайда қазақ жігіті қардан киіз үй жасады (видео)

фейсбук

Әлеуметтік желіде Алмахан Мұқаметқалиқызы есімді қолданушы қардан жасалған киіз үйдің видеосын жариялады. Ролик Қытайдың Алтай аймағы Буыршын ауданы Шұңқыр ауылында түсірілген. 

Шұңқыр ауылы – Қытайдағы Шыңжаң автономиясына кіретін елді мекен. Автор киіз үйлердің қырау мерекесіне арнап жасалғанын айтады. Кадрдан бір-біріне жақындау орналасқан екі киіз үйді көруге болады. Біреуінің алдында қардан тышқанның бейнесі салынған. Автор мұны тышқан жылына арнап жасапты.

– Керемет, жақсы жасалыпты. Қардай қалай жасап шыққансың әй, досым-ай. Қардан жасалған қазақ үйдің ішінде алма жеп отырған күндер-ай болды бұл. Бұл күнді ұмытпаймыз, – дейді киіз үйдің ішінде отырған қонақтар таңданысын жасыра алмай.

Киіз үйді жасауға бір айға жуық уақыт кеткен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір