• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:01:07
Алматы
+35°

Былтыр ішкі істер министрлігі құрылымында 95 басшы сыбайлас жемқорлық оқиғалары үшін жұмыстан босатылып, 1283 басшы тәртіптік жазаға тартылған. Бұл туралы ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов хабарлады.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі істер органдарының аға қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Тәртіптік жаза қолдану алгоритмі тек кінәлі қызметкердің ғана емес, оның басшысының да жауапкершілік дәрежесін анықтаумен бекітілді. 2019 жылы болған төтенше жағдайлар үшін 1283 басшы тәртіптік жазаға тартылып, оның 95-і жұмыстан босатылды, 242-і қызметінен кетті, – деп айтты Саданов ІІМ өткізген брифингте.

Сонымен қатар, ол ішкі қауіпсіздік департаментінің басым бағыттарының бірі ішкі істер органдарының қызметкерлерін қорғау деді. Өткен жылы полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданғаны үшін 302 бейбіт тұрғын сотталған болатын.

– 2019 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне пара берудің 55 фактісі тоқтатылды. Жыл басынан бері мұндай 31 факт тіркелген, – деді департамент бастығы Арман Саданов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сыбайлас жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір