• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:50:23
Алматы
+35°

ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов 3 күн ішінде үкімет басшысымен бірге аудандағы Қытай азаматтарын шығару мәселесін шешетінін айтты. Бұл туралы m.ustinka.kz сайты хабарлады. 

Зайсан халқы 19 ақпаннан бері Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына наразылық білдіріп, бас көтерді.

Зайсанның Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарында наразылыққа шыққан халықты басуға облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шенеуніктер келді. Дегенмен аудан халқы түсіндіру жұмыстары болмағанын айтып, сенімсіздік білдіріп, шекарадан белгісіз азаматтардың өткенін айтты. 

– Шекарадан ешқандай өзге елдің азаматтары өткен жоқ. Бірақ шекараның арғы жағында 5 зайсандық азамат тұр. Олардың денсаулығын 14 күн бақылау үшін Өскеменге алып кетеміз. Ал мұндағы 42 Қытай азаматын үкімет басшысымен ақылдасып, өз еліне жіберу шарасын шешеміз, тек 3 күн уақыт беріңіздер! – дейді Даниал Ахметов.

Оған көнбеген бір топ халық облыс басшылығымен бірге «Син-син» компаниясының жұмыскерлері тұрақтаған 9-базасына келіп, төлқұжаттарын өз көздерімен көріп, елден 3 сағаттың ішінде кетуін талап етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір