• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:41:21
Алматы
+35°

Қордайдағы оқиғаға байланысты күннен-күнге жаңа деректерлер пайда болып,  қылмыстық істер саны да көбейіп барады. Бұған дейін билік 7 ақпанда болған жанжалға байланысты 25 қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдесе, бүгін шамамен 90 қылмыстық іс қолғалғанын хабарлады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты.

– Қазіргі кезде жүздеген адамнан жауап алынды, оқиғаға қатысушының рөлін анықтауға бағытталған процессуалдық шаралар, қажетті сараптамалар жүріп жатыр. Қажетті процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады... Түрлі эпизод бойынша 90 қылмыстық іс. Тергеудің жалпы мерзімі – 2 ай, – деді Қожаев.

Марат Қожаев тергеудің қашан аяқталатынын айта алмады. Ол "жанжалдың ушығуына түрткі болған" ақсақалды ұрып-соғу фактісі бойынша да күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

Министр орынбасарының айтуынша, жанжал шығарып, полицияға бағынбағандардан 3 адам ұсталып, іс сотқа жіберілді. Қарт кісінің соққыға жығылу оқиғасында кінәлілер анықталып, қамауға алынды. Ал, қалған арандатушыларға қатысты ақпарат нақты болмағандықтан, сот тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қордайдағы жанжал

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір