• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:25:32
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қала тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде жақында орын алан Қордайдағы қақтығыс пен Алматы барахолкасында базарлардың жабылуына қатысты пікір білдірді. 

– Біз Қордайда не болғанын көрдік. Алматыда ондайға жол бермеуіміз керек болды. Полиция барлық аумақты қарап жүрді. Барлығы күзетілді. (...) Әркім өзі үшін сөйлеуі керек. Отан отбасынан басталады. Отбасы үшін жауап бер, отбасы үшін алаңда, – деді әкім.

Барахолкадағы өрттің шығуына байланысты қала әкімі тұрғындарының қауіпсіздігі үшін демалыс күндері базарлар жұмыс жасауын тоқтатады деді. 

– 00.00-ден кейін базарларымыздың барлық басшысы, директоры жиналды. Оларға жағдайды айттық. Түнгі сағат 00:00-де барлық базарды демалыс күні болса да жабу туралы шешім қабылданды. Бұл әр адамның қауіпсіздігі үшін жасалды. Біз ол шешімді дұрыс деп санаймыз, – деді Сағынтаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір