• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:16:31
Алматы
+35°

2019 жылдың қыркүйек айында Павлодардағы ірі қоймалардың бірінде мәйіті табылған полицей Руслан Оспановтың ісі заң жүзінде тоқтатылды.

Өлер алдында әлдекімнің есімін атаған полицейдің өз-өзіне қол жұмсауына біреудің қатысы бар деген айғақ анықталмады. 

 – Бұл іске қосымша бір тараптың қатысы болмаған соң, өз-өзіне қол жұмсады деген дерекпен тіркелген қылмыстық іс бойынша істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар өзге де ақпараттарды заң бойынша жариялауға болмайды, – деп жауап берді Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев. 

Бүгінге дейін бұл іс "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша зерттелген. Полицияның қылмыстық ісімен жергілікті ішкі істер департаменті айналысқан болатын. Кейін қаза тапқан адамның туыстары әлеуметтік желіде болған оқиғаға полиция департаменті басшыларының бірінің қатысы бар деген күдікті жеткізген. Содан соң бұл іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне тапсырылған. 

Осыған қатысы бар деп күдікке ілінген полиция департаментінің тергеу жөніндегі орынбасары Мұратжан Шәкіров қызметінен босатылған. 

Еске салсақ, 2019 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында орналасқан тұрғын үй қоймасының бірінен полиция қызметкері асылған күйінде табылған болатын. 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Полицей қызметкері

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір