• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:38:20
Алматы
+35°

Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң жобасына қатысты пікірімен бөлісті.

«Бәріміз бұл мәселенің өзектілігін білеміз. Біздің елімізде көп нәрсе жасалды, дегенмен, саяси мәдениетке қатысты мәселелер бар. Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, мәдениеттің және саяси диалогтың аздығы жағдайдың кейде мүлде басқа бағытқа ауысатынын көрсетеді. Барлық азаматтардың мүдделеріне жауап беретін сенімді заң шығару керек, әрине, барлығының көңілінен шығу қиын, бірақ ымыраға келіп, бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Рахман Алшанов Алматыда Қоғамдық кеңес отырысында. Айта кетейік, Қ оғамдық кеңес отырысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысуда. Онда бейбіт жиындар жөніндегі жаңа заң жобасы туралы әңгіме қозғалған болатын.

«Біздің міндетіміз - ортақ көзқарастарды табу. Полярлы пікірлер, түрлі ұстанымдар көп, олардың бәрін заңмен белгілеу мүмкін емес. Мүмкін уақыт өте келе, саяси тәжірибе жинақталған кезде, қоғам өзгеріп, қазіргі дамыған елдердің стандарттарына жақындайтын шығармыз. Олардың демократиялық мектептерінің 200-300 жылдық тарихы бар. Онда дұрыс және бұрыс, тосқауыл деген жоқ. Барлығымыз біріге отырып, осындай өзімізге қажетті тұжырымдаманы жасауға мүдделіміз», - деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір