• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:50:54
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2020 Саясат

Дәурен Абаев: "Біздің айтпақ болған барлық новеллаларымыз жайлы сіздер білесіздер"

Енді бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданбақ. Аталған заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған.

Фото: m.azh.kz

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде айтты.

Басқосуда министр «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айта отырып, бейбіт жиналыстар туралы заңға өзгеріс енгізгеннен жаңасын қабылдаған жеңіл екенін атап өтті. 

– Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екені анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек, – деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі де бекітілген.

Бұдан бөлек, митинг өтетін арнайы орындар мен митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі белгіленіп отыр. Өтініштерді қарау тетігінде де өзгешелік бар екені айта отырып, жиналған көпшілікке бұл заңның салмақты екендігін айтуды да ұмытпады.

– Біздің айтпақ болған барлық новеллаларымыз жайлы сіздер білесіздер. Осы арада отырған әріптестеріміздің көпшілігі бұл заңның өте салмақты екендігімен келіседі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа өзгерістер енгізіледі, – деді министр.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір