• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:43:16
Алматы
+35°

Адамзат талай талай тарихи кезеңдерді артқа қалдырып, ғылым техниканың шарықастап дамыған бүгінгі күніне жетіп отыр. Дамыс тұтыныс талабынан туындайды да тұтыныс айналып дамысты талап етеді. Дамысты да тұтынысты да алға сүйреуші алып күш ғылым. Ғылымды жаратылыс тану, қоғам тану деп бөліп оларды бірі бірімен ұштастырып дамықсқа жетіп келеміз. Бірақ жаратылыс тану ғылымы денелей сезініп, нақтылы сыпаттармен толықтырылып, заңдылықтары айқындалып, кепілдендіріледі. Ал қоғам тану ғылымы тұтыныстың талабынан туындағанымен қоғам қатынастар, көзқарастар салдарынан пікірталас туындатып келеді. Сол дау дамайға толы ғылымның бірі тарих ғылымы және оның бір бұтағы шежіре төңірегіндегі мәселе.

Шежіре өзі ағаш іспетті бұтақтарға тарамдалып, жан жаққа шашырап келеді де қай бұтағы қай түбірден таралғанын анықтауға күрделеніп кетеді. Шежіре төңірегінде де екі түрлі көзқарас қалыптасты.

Біріншісі жіктеушілікті дәріптейді деп шежіреден қашқақтаса, екіншісі шежіре арқылы қан тазалығын сақтап, ұлттықты ныгайтады дегенге тіреледі.

Кіндік Азиялық көшпенді екі халық қазақ және монгол тектестер әлем өркениетіне көшпенділер мәдениетінің өзіндік маңызы зор үлесін қалдырды. Қоршаған орта, тұрмыстық ахуал, жағрапиялық жағдайлар бойынша ортақтасып, елдесерде елдесіп, белдесерде белдесіп келе жатқан екі ұлттың арасында ауыс қиыс болғанын ауызша және жазбаша шежірелермен қатар ДНК сараптама нәтижелері куәландырады. Монгол және монгол тектес халықтармен қазақ тайпаларының ара қатынасы ежелден болғанымен күрделенген тұсы:
1. Шыңғысхан дәуірі,
2. Ойрад шапқыншылығы болады.
Шыңғысханның тікелей ұрпақтарын ДНК сараптама арқылы анықтауда көптеген іс атқарып жүрген зерттеуші ғалымдар санатына Монголия зерттеушілері Ш. Энхбаяр, Ш.Баатар Б. Хэрлэн, Қазақстандық ғалым Жаксылык Сабитовтардың еңбегі елеулі.

Қазіргі қазақтың ру тайпаларының бір бөлігі монголдар арасында да кездеседі, ал сол тайпа түркітектес тайпалар болып монголға сіңдіме? әлде монгол тектестер қазаққа сіңісіп кеттіме дегенге талас жалғасып келеді.

Мұндай ру, тайпаларға Керей, Найман, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт, Алшын, Дулат т.т. жатқызылады.
Аталмыш тайпаларды ежелгі Көктүрік мұрагерлері одан кейінгі Қырғыз, Ұйғыр мемелекет құрамына енген байырғы түркітектес тайпалар екеніне көптеген зерттеушілер қосылады.
Ата тек шежіре монголдар арасында «Ургийн бичиг» яғни «Ата тек жазбасы» атпен жалғасып келді де Шүршіт билеушілерінің саяси ұстаным салдарынан қалыс қалып, коммунистик жаппай тұтқындау қарсаңында мүлдем жойылды деуге боларлық жағдай жетті.

Монголдар арасында болған көптеген ру (овог) жойылып кетті де өткен ғасырдың 90- жылдары сол ру(овог)-ды жаңғырту басталғанда көнеден жалғасқан кейбір рулар мысалы қоңырат-хонхэрээд, жалайыр-залайр болып өзгертілуімен қатар мүлдем болмаған жаңа рулар атауы пайда болды. Осылай монгол жұртшылығы атадан жалғасқан ата тек шежіресін жаңғыртып келеді. Монгол зерттеушілердің пайымдауынша торғууд ястан(сүйек немесе тайпа) шежіресі ең нәтижелі, шындыққа сай болып қалыптасқаны дейді.

Торгууд немесе торғаут шежіресі Тұғырыл ханнан бастау алады. Торгуудтар арасында «вангийнхан» деген ру(овог) ең беделдісі яғни ақсүйектер әулетінен болып саналады.
Құпия шежіре 189 тармағында Таян ханның анасы Гүрбэсү «Ван хаан эртэни отоку их хаан бүлгээ» дегені Тұғырыл хан ежелгі хандар әулетінен екенінің дәлелі.
Торғауыттың тағы бір ван дәрежеге көтерілген тұлғасы Тайван еді. Ойрад Монгол ара қатынасының шинелісін ушықтыру арқылы әлсірету «Жатты жатпен тыныштандыру» саясатын ұстанған Мин патшалығы 1402 жылы Ойрадтың 3 қолбасшысына ван атағын ұсынғаны туралы «Мин Тайцзун ши-лу»-да айтылатынын Ч. Далай алға тартады.
«Құпия шежіре»-де Тұғырыл ханда 1000 турхаг әскері болғаны туралы айтылады. Ал Шыңғысханда 8000 турхаг сарбазы болған екен.
Турхаг сом денелі, ірі, кесек мағына білдірсе қазақта тұрқылы, тұрқыты, тұрқы кесек мағынада айтылады. 1400 жылдары Ойрад құрамына енеді, сонда Тогоон тайжі «Сом денелі ретінде торгууд деп атайық» дегені туралы ақпарат Габан Шаравтың «Төрт Ойрад тарихында» жазылған. Торғауыт осылай бір тайпа ел болып төрт ойрад тармағының бір тармағы есептелді.

Керей десек Ашамайлы, Абақ екеуі еске түсе кетеді. Ал Тұғырылдың да Шыңғыстың да сақа сарбаздары аталған керейден таралған торгууд немесе турхагтарды жоққа шығарамыз ба? Торгуудтар толыққанды монголданып кетсе де қазақ арасындағы торғауыт, тұрғақтарды қайда апарамыз?

Тұғырыл хан жеңіліске ұшырап батысқа қашады. Керейдің бір бөлігі Алтайда Найманмен қатарлас қалса бір бөлігі батыс терістікті бетке алып Сібірге өтеді. Сібірге өткендер Сібір хандығын құрған керейлер. Бұл керейлер Сібір хандығының негізін құрады. Сібірдегі тұрғақтар осылай пайда болған.

1587 жылдарғы Монгол Ойрад соғысында жеңіліске ұшыраған Ойрадтар Алтайды асып Ертістің орта тұсына келіп жетеді. 1608 жылы Хоо өрлөг бастаған Торгуудтар Сары арқаға қоныс тебеді. Монгол, Ойрад тарихында бұл торгуудтар 1628 жылы батысқа көшіп кеткені туралы айтады. Ал қазақ тарихында Салқам Жәңгір Хөндлөн увш, Аблай тайждердің көмегімен тұтқыннан босаған соң 1635 жылы Торгуудқа шабуылдап, Арқаны азат етеді. Торгууд Еділ бойын мекен етіп Еділ қалмағы атанады. Хөндлөн увшпен Аблай тәйжі екеуінің қазаққа жақтас болудағы басты себебі Байбагас өлген соң тақ мұрагерлігіне қол жеткізе алмаудың салдары болу керек.

«Ер Тарғын» жырындағы «Тоғыз сан торғауыт, он сан Оймауыт». Жырдың көптеген нұсқасы бар, бірақ зерттеушілердің тоғысар жері ХҮ ғасырда жазылғаны дейді. Жағрапиялық жағынан қараса оқиға Батыс терістік өңірінде болып жатады. Ал Ойрадтар 1452 жылдары қазақ даласының оңтүстігін басып алады. Бұл тұста торғауыт ойрад құрамына еңгенімен төрт Ойрадтың бірі есебіне алынбаған, яғни «Тоғыз сан торғауыт» боларлықтай мәртебеге ие емес еді. 1502 жылы ғана чорос құрамынан шығып, жеке 1 Ойрад есебіне алынып 4 Ойрадтың терезесі тең бір бөлігі болып есептелді.

Бұл жағдайда жырдың жазылған жылы кейіндетіледі немесе торғауыт, оймауыт дегендерді басқа жақтан іздеуді талап етеді.
Еділ қалмағымен Жоңғария арасында арлы берлі шұбырған талай реткі көш қазақ даласын басып өтіп жатты. Соңы «Шаңды жорық» аталған алыс та ауыр жол азабы, қазаққа да қалмаққа да ауыр соққы болып тарихта қалды.

Ресей құрамындағы Қалмақтарға Екатеринадан қысым келе бастады. Орыс-Франц соғысы, Орыс-Түрік соғысы қатарлы көптеген соғыс шайқастарда алдынғы шепте болып, қаншасы ажал кешті, әрі қалмаққа деген көзқарасы тіптен төмендеп, торғауыт ақсүйектер ұрпағы патша төңірегінде әскери мерзімсіз борыш өтеуге, христиан дінін қабылдауға мәжбүрлей бастады. 1671 жылы Увш хан 130,0 мың торгууд, ойрадты бастап ата қонысына үдіре көшеді. Ресей торгуудтың соңына түсіп шабуылдап қаншасын қырғындағаны беймәлім. Торғай тозы шығып қазақ даласына жеткен торғауыттар жан жаққа таралып, жаймашуақ жатқан қазақтардан мал мүлік, ат көлік, азық түлігін талап жорығын жалғастырады. Көшке ілесе алмағандары жол бойы қалып отырды, бір бөлігі Қырғыз еліне өтеді де күні бүгінге дейін сонда тұрақтап жатыр. Қазақ жерінде қалғандары сіңісіп кетсе де бертінге дейін батыс өңірде сөз арасында монгол сөздер қолданатын адамдар кездесіп те жүрді. Бұлар сол «Шаңды жорық»-тан қалғандары болуы мүмкін. Көш қанша мың шақырым жолды артқа тастап, Балқаштың түстігіне келгенде ғана қазақтар қорғаныс шарасын қолданып, шабуылдады. Шаңды жорықтан 18,0 мың адам ғана Жонғарияға жеткен, оларды Чин елі қазіргі Қытай елі қармағындағы Қобықсарыға, Монгол елі Бұлғын өзен бойына орналастырады.

Қазіргі Еділ қалмақтарының 40% торғауыттар деген бейресми дерек бар. Қытайда әртүрлі ақпарат, сан мәліметтер айтылады. Бірақ торғауыттардың шоғырлы жері Қобықсары, ал Тибет үстірті Өр монгол, Өвөр монголдарда кейіндері қоныс тепкен бірең сараң торғауыттар болуы мүмкін.


                                                                                      Тарихшы, Өлкетанушы
                                                                                       Күлмесхан Зайпилұлы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: КЕРЕЙДІҢ БІР БҰТАҒЫ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір