• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:34:52
Алматы
+35°

Ресей азаматы Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған. Оған өзін ұстап отырған адам қайтыс болғаннан кейін ғана босап шығудың сәті түскен, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Салават есімді Ресей азаматының еш құжаты жоқ. Отаны Ресейде ол ұзақ уақыттан бері өлділер қатарында. Тіпті өлгенін растайтын құжат та бар.

Салават Қазақстанға әскерден кейін келген. Осында жүргенде құжаттарын жоғалтып алған. Сол кезде танысы ата-анасымен жұмыс істеуді ұсынған. Алайда танысы оны алдап соғып, күштеп құлдыққа салған. Ресей азаматы 15 жыл бойы мал бағып, тұрмыстық шаруаларды атқарған. Құлдықтан иесі өмірден өткеннен кейін ғана босап шыққан.

Отанына оралуға тырысқан Салаватты ол жақта ешкім тосып тұрмағаны белгілі болды. Өйткені Ресейде Салаватты 2003 жылы "жерлеп" қойған.

Салават өзінің тірі екенін сот арқылы дәлелдей алған. Қазір арнайы орталықта тұрып жатыр. Кездейсоқ кезіккен жұмыстармен жан бағуда. Әзірге құжаттарын қалпына келтіру мүмкін болмай тұр.

2019 жылы Қазақстанда 76 адам "адам саудасының" құрбаны болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: адам саудасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір