• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:32:10
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2020 NEWS

Қытайда коронавирустан 3500-ге жуық адам жазылып шыққан

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Әзірге бұл елде вирустан көз жұмғандар саны 1300-ден асты. Сонымен бірге, қауіпті дерттен құлан таза айығып шыққандардың саны да артып келеді.

Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости дерегін негіз ете отырып хабарлайды.

«Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырғандар саны 48,2 мыңнан асты. 3 441 адам ауруханадан жазылып шықса, 1 310 адам көз жұмды», - деп хабарлайды аймақтық денсаулық сақтау комитеті.

Дәрігерлер вирус жұқтырғандар санының күрт өсуін диагностиканың жаңа әдісін қолданумен байланыстырып отыр. Яғни, өткір дертті анықтауда жаңа технологияның септігі зор дейді мамандар.

Нәтижесінде, Қытайдың Хубэй провинциясында 15000-ға жуық адамның жаңадан ауру жұқтырғаны анықталған.

 Ал осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырды делінген 33 мыңнан астам адам әлі ауруханада жатыр. Оның 5647-сі ауыр халде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір