• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:59:45
Алматы
+35°

Жазушы Қуандық Шамахайұлы өзінің facebook парақшасында Мұхтар Әблязовке деген ызасын білдіріп, жазба қалдырды. Ол жазбада Әблязовтың Қазақстанда "орыс тілінсіз өмір сүруі мүмкін емес" деген сөздеріне ашуланғанын және одан түбегейлі көңілі қалғанын жеткізген.

– Бұған дейін Әблязовқа аз да болса сый-құрметім бар еді. Оның шыныменде демократиялық өзгерістерді біздің мемлекетке енгізетініне сенген едім. Себебі оның әр сөзінің астарында бір шындық бардай көрінетін. Дегенмен оның мына іс-әрекетінен кейін  мүлде дұрыс ойы жоқ екенін түсіндім. Былтырғы жылы ұлттық бірыңғай тестті мектеп бітіруші түлектердің 83 пайызы қазақ тілінде тапсырды. Бұл әр баланың отбасында кемінде 5 адаммен қазақша сөйлесетінін білдіреді. Ал мұнда Мұхтардың сандалып отырғаны мынау, – деген жазушы.

Мұхтар Әблязов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір