• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
29 Ақпан, 18:04:08
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

12 Ақпан, 2020 Аймақтар

Дабыл: 100-ге жуық елді мекенді су шаюы мүмкін

Бұл бір ғана Солтүстік Қазақстанда болуы мүмкін апаттың болжамы. Сол себепті қазір төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында аймақта тиісті шаралар қолға алына бастады.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы метеорологиялық болжам және ылғал қорын талдау алда су тасқыны қаупі бар екендігін көрсеткен.

Өңірде үш мыңнан астам өзен-көл бар. Ал олардың межелі мөлшерден артық толуы мен арнасынан асуы облыста 100-ге жуық елді мекенді су шаюына алып келуі ықтыимал.

Сондықтан аймақта қазірдің өзінде апаттың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынған. Мәселен,  сақтық мақсатында ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінен 60 адам мен 4 техника бөлінеді. Осы ретте күш құрылымының әзірлігін пысықтау мақсатында оқу-жаттығу шарасы да өткен. 

Сонымен бірге, су тасқынымен күресте жедел әрекет ету мақсатында ТЖД тарапынан облыс аумағында құрамында шамамен 500-ге жуық адам және 155 техника, 8 жүзу құралы, сондай-ақ, 72 мотопомпа бар ішкі істер органдары арасынан арнайы топ құрылды.

Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл жұмыстарға 1619 адам, 1163 техника, оның ішінде 299 су сорғыш техника, 109 ауыр инженерлік техника және 83 жүзу құралы дайындалған. Жанармай және инертті материалдар, қаптар әзірленген.

Айтпақшы, былтыр осы уақыттарда БАҚ-та 92 елді мекенді су шаю қаупі бар екені айтылған.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір