• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:52:55
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2020 NEWS

Тоқаев: Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес

"Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі. Сондықтан, бәріміз міндетті түрде бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек"

Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегін негізге алып. 

Кездесуде Мемлекет басшысы әуелі еріктіліктің басты мақсатын атап өтті.

«Волонтерлер қозғалысы азаматтық қоғамды одан ары дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып әрекет ету. Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі. Сондықтан, бәріміз міндетті түрде бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама – ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет», – деді Президент. 

Сонымен бірге, ол Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес екенін де айтты:

«Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Осында отырған волонтерлердің барлығы – сіздер еліміздің патриотысыздар. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық үшін атқарылатын күн сайынғы еңбегіміз. Бұл – жанның жай-күйі, ауқымды білім мен өзін ұстаудың үлгілі мәдениеті. Мен сіздерді осы үшін қатты құрметтеймін», - деді ол.

Атап өтейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда. Шара барысында  «QQQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн-платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдар таныстырылады деп жоспарланған.



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Волонтер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір