• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:48:45
Алматы
+35°

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысына келген Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің директоры Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қордай ауданында болған жағдайға қатысты пікір білдірген Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің директорынан журналистер Қордайдағы төбелестен кейін ұсталып, қайта босатылған 47 адам туралы сұраған болатын.

«Расында да құжатсыз жүрген адамдардың кім екенін анықтау үшін ұстап, қылмыстық есепке тіркелді. Оларды жедел тексеріп, аталған іске қатысы болмағаннан кейін босаттық», - деді ол.

Сонымен қатар, Санжар Әділов  Жамбыл облысы полиция департаменті территориалдық бөлімшелері 25-тен астам қылмыстық іс қозғағанын атап өтті. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір