• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:25:23
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған этникалық жанжал кезінде 19 полиция қызметкері зардап шекті. Бұл туралы үкімет отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады. 

– Бес күннің ішінде дәрігердің көмегіне 178 адам жүгінген, соның 19-ы – құқық қорғау қызметкерлері. Он адам қаза тапты. Қазіргі кезде Қордай аудандық ауруханасында 13 адам емделіп жатыр, ал 20 адам Алматынының бірқатар ауруханаларына жатқызылған. Құрбан болғандардың барлығының отбасына жәрдем көрсетіліп жатыр, –  деді Сапарбаев.

Әкімнің айтуынша, Қырғызстан ауруханасындағы адамдар Алматы мен Таразға жеткізілген. Сапарбаев қазіргі таңда ол жақта адам қалмағанын растады. 

Үкімет отырысынан кейін әкім бірқатар сұрақтарға жауап берді. Яғни, қазіргі уақытта жанжал салдарынан келген шығын анықталып жатқанын, оның есебі шыққан соң зиян шеккендерде өтемақы төлеу туралы үкіметке ұсыныс енгізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл оқиғаны "ұлтаралық қақтығыс" деген сипаттаумен келіспейтінін айтты.

– Бұл жерде ұлтаралық мәселе жоқ, бұл тұрмыстық даудан туындады, жақын арада нақты бір шешім шығарып, тиісті шара қолданамыз, –  деді әкім.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қордайдағы қақтығыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір