• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:07:50
Алматы
+35°

Қырғызстан Президенті Қордайдағы қақтығыста қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетулеріне тілекші екенін білдірді..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесіп, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы орын алған оқиға туралы талқылады,  деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Сооронбай Жээнбековке көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді және «біздің тату көршілігіміз - Орта Азия аймағындағы тұрақтылықтың маңызды факторы» деп атап өтті. Сонымен қатар екі ел басшылары саяси маңызы бар өзге де проблемаларды талқылаған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қордай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір