• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:50:45
Алматы
+35°

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз қызметі  

Бүгін джиу-джитсудан Еуропа чемпионатының жүлдегері Әсет Қыдырбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне келіп, проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевпен кездесті.

Әсет Қыдырбаев Португалия мемлекетінің Лиссабон каласында джиу-джитсу шеберлері (IBJJF) арасында әлемнің 100 елінен 5000-ға жуық қатысушы арасында өткен Еуропа ашық чемпионатында 82,3 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы Голландия, Бразилия, Польша, Англия споршыларымен күш сынасқан. Спортшының жаттықтырушысы – Марат Кутжанов.

Әсет Бектұрсынұлы Нұр-Мүбарак университетіндегі «Исламтану» факультетінің 2013 жылғы түлегі. «Ұстазын ұлықтай білмеген адамның қолынан ешуақытта ұлылық келмейді» деген сөзді жадында сақтаған жеңімпаз проректормен кездесу барысында ұстаздарына рахметін айтып, ақ батасын алды.

Университеттің  проректоры Қ.Құрманбаев шәкіртін жеңісімен құттықтай келе, «Сәуір айының басында БАӘ-де өтетін әлем чемпионатында "бағың бен бабың келісті болып, жеңіс тұғырынан көрейік",  деп ізгі ниеті мен ақ тілегін білдірді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті

университетінің баспасөз қызметі

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір