• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:59:20
Алматы
+35°

 

Қазақстанның бұрынғы президенті, қазір Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кадарларды ауыстырды. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады. 

Назарбаевтың шешімімен Тимур Тәшімбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Қайыргелді Есенеев Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі, Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ал Назарбаевтың шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен, Андрей Калинин Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір