• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:54:14
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен босатылды. Бұл туралы 10 ақпанда Ақорда сайты хабарлады.

Ақорданың жазуынша, Мырзахметов қызметінен кетуге өзі өтініш берген. Ал оның орнына Жамбыл облысына кім әкім болатыны әлі белгісіз.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысына басшылыққа 2018 жылдың қаңтарында келген. Оған дейін ол Ауыл шаруашылығы министрі, премьер-минстрдің орынбасары қызметін атқарған. Алты жыл Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан облысы) облысында әкім болған. 57 жастағы Мырзахметовтың қандай қызметке баратыны әлі белгісіз. 

Бұған дейін Тоқаев өз жұмысына салғырт қарады деп Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке өзінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені, ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековты қызметінен бостуды тапсырған еді. 

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданында болған этникалық жанжалда 10 адам қайтыс болды, 40-тан астам адам жарақаттанған. 36 тұрғын үй мен 11 коммерциялық нысан және 44 автокөлік өртенген. 

Этникалық жанжалдың шығу себебі нақты белгісіз. Бірақ Қаракемер ауылы тұрғындарының сөзінше, жанжал этникалық дүнгендер мен қазақтардың көлікпен келе жатып, жолға таласуынан басталған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір