• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
29 Ақпан, 13:12:26
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

10 Ақпан, 2020 NEWS

Үкімет комиссиясы Қордайдағы қақтығыста қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына көңіл айтты

primeminister.kz

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

fht

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. 

primeminister.kz

Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

primeminister.kz

«Президент Қ. Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады», — деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір