• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
29 Ақпан, 19:52:11
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

09 Ақпан, 2020 NEWS

Мұрат Әуезов: Дүнгендер біздің жақтасымыз болған, бола береді де

ҚазАқпарат

Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әуезов Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қайғылы оқиға туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Мен үшін қайғылы күндер өтіп жатыр. Қордайда бауыр бауырын өлтірді. Адам өлді. Үйлер өртенді. 90-жылдары дүнген мектептерінің бірін қорғап едім. Жеріміз экспансияға түскен кез келген жағдайда дүнгендер мыңжылдық жауынгерлік тәжірибесімен біздің жақтасымыз болды және бола беретініне сенімдімін. Қазақ және қырғыз жерлері олардың еңбекқорлығы мен еккен егіні үшін разы. Біздің дініміз ортақ. Орталық Азия аспаны астында бәріміз теңбіз. Бауырын өлтіру – жақсы нышан емес. Бауырын өлтіргендер өзінің және ұрпақтарының өміріне қарғыс арқалайды. Бұрын солай болған және солай болып қала береді, – деді Мұрат Әуезов.

Ілмек сөздер: Мұрат Әуезов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір