• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
03 Сәуір, 17:45:45
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

09 Ақпан, 2020 NEWS

Қордайдағы қақтығыстан тағы 2 адам қайтыс болды

ашық дереккөз

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиға бойынша 10 адамның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– 10 адам көз жұмды. 39 адам ауруханада жатыр. Сонымен біреге зардап шеккендердің ішінде бес полицей бар. Үшеуі қарудан жараланған. Алайда полиция қызметкерлері ешқандай қарудың қолданбағанын айтқым келеді, – деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиғаның неден басталғанын айтып берді.

– Әу баста, яғни 5 ақпанда екі ауылдың тұрғындары ұстасып қалған. Тұрмыстық қақтығысқа қатысқандардың бірі қазір ұсталып, қалғандары ауданнан шықпайтыны жөнінде қолхатпен босатылды, – деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, ауыр жүк көлігі үйден шығып келе жатқан кезде жолда келе жатқан автокөлікпен жолға таласып қалған.

– Көліктерде үш-үш адамнан болған. Ақыры өзара жанжал соңы төбелеске ұласып кеткен, – деді ол.

ІІМ басшысының орынбасары жол үстіндегі төбелесте алты кісінің ішінде, шынында да, жасы үлкен кісінің болғанын растады.

– Ол төбелес кезінде зардап шеккен... Жалпы қазір біз барлық тараған ақпаратқа талдау жүргізіп отырмыз. Ол жерде жүзге тарта адам болған. Олардың әрқайсысының сол жерге келу мотивін зерттеп жатырмыз, – деді ол.

 

Ілмек сөздер: Қордайдағы қақтығыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір