• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:36:31
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде 5 ақпанда этникалық дүнгендер ұрып-соққан Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны Төлеген Құдашбаев "қайтыс болды" деген ақпарат  таралып жатыр.

Ақпараттың рас-өтірігін анықтау мақсатында Қамшы тілшісі Қордай аудандық ауруханасына барды. Алайда дәрігерлер бұл дерек туралы пікір білдіруден бас тартты. Бұған қоса, аудандық арухананың дәрігерлері Қордайдағы бірнеше ауылда болған тұрғындар арасындағы жаппай төбелес кезінде жарақат алып, ауруханада жатқан азаматтар туралы да ақпарат бермеді. 

Журналистерге тіркеу бөліміндегі қызметкер кезекші дәрігерге сілтеп, кезекші дәрігер - Айдын Асқарұлы аурухананың әкімшілігінен сұрау керектігін айтты. Аурухана әкімшілігі орнында болмай шықты.

Осылайша, жалған ақпарат таратпауға шақырып жатқан ресми органдар маңызды мәселеде өздері үнсіз отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір