• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:02:37
Алматы
+35°

Кеше әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тарады. Салдарынан бірнеше адам қайтыс болып, көптешен тұрғын зардап шеккен. Осы оқиғаға байланысты «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің инстаграм парақшасында халықты бірлікке шақырды.

"Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады. Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлық танытқанымыз жөн" деп Байбек халықты сабырға шақырды. 

Сондай-ақ ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтқанын атап өтті. Зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрғанын да айта кетті. 

"Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі халқымызға керек. Заңға бағыну – барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді. Ұлтаралық қарым-қатынас – өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек", – деді Бауыржан Байбек.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Қадірлі ағайын! Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады. ⠀ Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлық танытқанымыз жөн. ⠀ Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды. ⠀ Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі бізге керек. Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді. ⠀ Ұлтаралық қарым-қатынас – өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс. ⠀ Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір