• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:18:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Масаншы ауылындағы оқиға кезінде әлеуметтік желінің кей қолданушылары заңсыз әрекеттерді жасауға шақырған, деп айтты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОҚК-дегі брифинг барысында

– 7 ақпанда кешкі 19:00-де Қордай ауданы Масаншы ауылының шетінде 70-ке жуық наразы тұрғын жиналды, олардың арасында бұзақылық ниетпен топтық ұрыс басталды. Оқиға орнына қордайлық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келді. Арандатушылар мен оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық ұрысқа қатысушылар санының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келді, – деп мәлімдеді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, Масаншы ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция жасақтары жіберілген.

– Жанжалға қатысушылар полицияға белсенді қарсылық көрсетіп, олардың заңды талаптарын дөрекі түрде орындамаған. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруларын қолданған. Кейінірек Ауқатты және Бұлан-Батыр ауылдары да қақтығыстарға ұшырады. Елді мекендер мен жолдарға кіретін периметрдің айналасындағы жолдарда бөгеттер қойылды, – деді ол.                

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қытай қазақ жанжалы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір