• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:01:51
Алматы
+35°

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда болған жағдайға байланысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің twitter парақшасында жазды. 

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп жазды Тоқаев. 

♦Жамбыл облысының полиция департаменті "Қордайдағы төбелеске" қатысты пікір білдірді

 Бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде полиция өкілдері мен азаматтар арасында қақтығыс болып жатқаны байқалды.  

Масаншы - Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан ауыл. Ресми ақпарат бойынша, ол ауылда 13 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындардың 90 пайызы дүнген ұлтының өкілдері. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір