• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:27:13
Алматы
+35°

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгінгі брифинг барысында елде коронавирустың белгілері табылған жағдайда, онымен күресуге қауқарымыз жетеді және оған қарсы тұратын препараттар біздің қорда бар деп атап айтты.

Коронавирусты емдеуге шамамыз жетеді – дәрігер

"Жұқпалы аурулардың басқа да саласына пайдаланып жүрген вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің коронавирусқа тиімділігі дәлелденген. Ондай дәрілер біздің инфекциялық стационарымызда жеткілікті", - деді басқарма басшысы . 

Сондай-ақ ол, Қытайдан келген азаматтар жекелей тексерістен өтіп, әрдайым бақылап отырамыз деп жеткізді. 

"Қазіргі уақытта вирус тараған қауіпті аймақтан Алматыға келгендер саны 6320 адамды құрады. Олардың 6234-і қаралған, оның 99-ы шетелдік азаматтар. Қаладағы поликлиникаларда фильтр кабинеттері жасақталған. Сондай-ақ ыстығы көтерілгендер, ЖРВИ және тұмау белгісімен келгендерді қарайтын арнайы орындар құрылды, деп брифинг барысында атап өтті.

Сонымен қатар, ол індетке қарсы күресу үшін мемлекеттік бюджеттен тағы 30 млн теңге бөлінгенін және қосымша бетперделер сатып алынып жатқанын жеткізді. 

"Алматыда коронавирус жұқтырғандар анықталған жоқ. Қауіпті аймақтан келген 25 адам ЖРВИ мен тұмау белгісімен ауруханаға жатқызылған. Олардың 11-і қазір емделіп шықты. Қалған 14 адамның жағдайы қалыпты, жазылып келе жатыр, - дейді Әбілдаев.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір