• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
29 Ақпан, 18:34:56
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

05 Ақпан, 2020 NEWS

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері Түркия елінде білімдерін жалғастыруда

Фото: Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Нұр-Мүбарак университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің шет мемлекеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Осы бағдарламаны негізге алып, Түркияның  Чорум қаласында орналасқан Хитит университетінде  5 студент білім алуда.

«Исламтану» және «Дінтану» мамандықтарының 2019-2020 оқу жылындағы екінші семестрін жалғастырған студенттерді Хитит университетінің ректоры доктор, профессор Али  Осман Өзтүрік қабылдады.

а

Кездесу барысында «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне жетекші Нысаналиев Жандос: «Кішкентай ұшқын алауға айналған бұл бағдарлама Чорум мен Қазақстан арасындағы туыстық байланысты нығайтады», – деп мәлімдей отырып, университет ректоры атынан құттықтаулар мен кәдесыйлар табыстады.

Еске салсақ, Хитит университетіндегі Иляхиат факультетінің 2 курс магистранты Нүсіпхан Тимур екі ел арасындағы алтын көпірдің орнауына мұрындық болды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір