• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:25:43
Алматы
+35°

Нұр-Мүбарак университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің шет мемлекеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Осы бағдарламаны негізге алып, Түркияның  Чорум қаласында орналасқан Хитит университетінде  5 студент білім алуда.

«Исламтану» және «Дінтану» мамандықтарының 2019-2020 оқу жылындағы екінші семестрін жалғастырған студенттерді Хитит университетінің ректоры доктор, профессор Али  Осман Өзтүрік қабылдады.

а

Кездесу барысында «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне жетекші Нысаналиев Жандос: «Кішкентай ұшқын алауға айналған бұл бағдарлама Чорум мен Қазақстан арасындағы туыстық байланысты нығайтады», – деп мәлімдей отырып, университет ректоры атынан құттықтаулар мен кәдесыйлар табыстады.

Еске салсақ, Хитит университетіндегі Иляхиат факультетінің 2 курс магистранты Нүсіпхан Тимур екі ел арасындағы алтын көпірдің орнауына мұрындық болды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір