• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
03 Сәуір, 15:42:10
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

04 Ақпан, 2020 NEWS

Қазақстандықтар кредитке смартфон алып, той жасайды

versiya.info

Solva микроқаржы ұйымы қазақстандықтардың кредиттік берешегіне зерттеу жүргізді. Оған 18 бен 65 жас аралығындағы 7 мың адам қатысқан. Зерттеу барысында кредиттердің алыну мақсаты – қарыз алушының жасына тікелей байланысты екені анықталған, деп жазады 365info.kz сайты.

2019 жылы бұрын несиеге жүгініп көрмеген 580 мың қазақстандық 176 млрд теңге сомаға кредит алған. Берешектің орташа сомасы  303 мың теңге. Кредиттік тарихы бар қазақстандықтардың жалпы саны 9 млн-нан асады.

Банктен қарыз алушылардың басым бөлігін яғни 67,82 пайызын 25-45 жас аралығындағылар құраған. Несие рәсімдегендердің 28,74 пайызы  18 бен 25 жас аралығындағылар. 45-65 жас аралығындағылар кредитке мейлінше жуымауға тырысады. Банк қызметін пайдаланғандардың 3,45 пайызы ғана осы топтың өкілдері.

Жастардың дені алғашқы несиелерін заманауи гаджеттер үшін алған. Кредитке алынған техникалардың 73 пайызы смартфондарға, 18 пайызы құлаққаптарға, 7 пайызы планшеттерге тиесілі.

Ересектердің 22 пайызы  үй, 27  пайызы  автокөлік, 47 пайызы  тұрмыстық техника алу үшін, 4 пайызы саяхатқа шығу мақсатымен несиеге жүгінген.

Банк қызметін қолданған қазақстандықтардың басты сұранысын үйлену тойлары мен түрлі мерейтойлар бастап тұр. Осы мақсаттарға алынған несиелердің үлесі 76 пайыз. Қаржы ұйымы келтірген дерекке сай, Қазақстандағы үйлену тойларының 80 пайызы қарызға жасалады.

Сондай-ақ несие орта және жоғары оқу орындарында оқу үшін де жиі алынады.

Ілмек сөздер: несие

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір