• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:27:55
Алматы
+35°

Қазіргі таңда Алматы қаласында қытайлық азаматтардан жұмыс жасап жүрген 72 кәсіпорын бар және онда 188 қытай азаматы жұмыс істеп жатыр. Оларды толықтай тексерістен өткізіп, ешқайсынан қауіпті вирустың шықпағанын анықтады. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында айтты.

"Алматыда қазіргі күні коронавирус тараған елден келген 6 322 адам бар, оның 371-і шетелдіктер. Олардың 70 пайызы бақылауға алынып, тексеріліп жатыр, кейбірінің мекенжайы дұрыс көрсетілмеген, оларды көші-қон полициясы іздестіруде. Сондай-ақ, қытайдан келген адамдардың кейбірі Алматыдан басқа қалаға жол жүріп кетіп жатады. Сондықтан олардың мекенжайын анықтау қиын. Дегенмен оның көші-қон полициясы анықтайтын болады" - деді департамент басшысы. 

Алматы мектептерінің 70% фильтрмен тексерілді. Сондай-ақ бұған дейін елімізге Ресейден вирусты тексеруге арналған тестілік құрылғылар жеткізілгенін хабарлағанбыз. Ол екі сағаттың аралығында адамның вирусты жұқтырған, жұқтырмағанын анықтап береді. Басқа да дәрі дәрмектер жеткілікті деңгейде. Таңертеңгі сағат 9.00 кезіндегі жағдай бойынша қалада 335 мың бетперде бар екені анықталды, - деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір