• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:22:20
Алматы
+35°

Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 2020 жылғы 1 ақпаннан 2 ақпанға қараған түні Ақтау караоке-барларының бірінде болған. 

Екі медициналық бетперде киген жігіт караоке-барға кіріп оқ жаудырған. Олар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Екеуінің де қолында қару-жарақ болған. 

Шығып бара жатқан кезде караоке-барға келушілердің бірі оқ жаудырған жігіттің қаруын тартып алмақшы болады. Бірақ екінші жігіт қаруын көрсетіп, қорқытқан. Кейін қаруланған жігіттер мекемені аралайды.

Полиция департаменті осы деректі растады. Қазіргі уақытта оқ атқан ер адамдардың іздестіріліп жатқанын айтты. 

"07:30-да Ақтау қалалық ПБ бөліміне 07:00 шамасында белгісіз екі ер адам бетперде киіп кафеге қару ұстап кіргенін айтады. Олар "Grammy's" караоке-барының еденіне екі рет мылтық атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оған тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау үшін жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр", - деді өңірлік полиция өкілдері.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау Қазақстан атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір