• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:49:12
Алматы
+35°

Ұлттық сараптама орталығы мен Орталық референс-зертхананың мамандары 2019-nCov атауын алған коронавирус инфекциясын анықтау бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулерде вирус табылмағанын растады. Бұл туралы ҚР ДСМ "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Биылғы 26 қаңтардан бастап Ұлттық сараптама орталығына Қытайдан келген, жоғары температурадағы ЖРВИ белгілері анықталған пациенттер келіп түсуде. Індетті зерттеу барысында тұмаудың 17 жағдайы анықталып, 17 тұмауға ұқсас инфекциялық деректер тіркелген. 

26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ұлттық сараптама орталығы  249 сараптама алды. Олардың ішінде Ухань қаласынан келген 82 студент, 12 шығарып салушы мен бортсеріктер және олармен байланыста болған 148 адам бар.

Ұлттық сараптама орталығы 2019-nCov коронавирусы және тұмауға ұқсас вирустық инфекцияларға тегін негізде зерттеу жүргізетінін атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір