• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:09:06
Алматы
+35°

Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкаиді еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық боксшы Дамир Тойбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. 

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Дамир Тойбай 1/16 финалда венгриялық Ласло Фелфолдимен кездесті. Тойбай бірінші, екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген соң  венгриялық боксшының секунданттары рингке орамал лақтырып, жекпе-жек тоқтатылды. Осылайша Дамир Тойбай мерзімен бұрын жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан спорт бокс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір