• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:49:35
Алматы
+35°

Биыл қаңтар айынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі (МӘМС) толықтай қолданысқа енді. Жалпы, ҚР Заңнамалық тұрғыдан бұл сақтандыру жүйесі 2015 жылы қабылданып, 2017 жылдан бастап қор өз жұмысын бастады. Қордың 3 жылдық үзілісінің өзіндік себептері бар. Яғни, осы уақыт аралығында қор:

  • өзін-өзі қамтитын азаматтардың статустарын анықтады;
  • медициналық қызметтерді алдын-ала тыңғылықты дайындады;
  • арнайы санаттағы азаматтарды анықтады;
  • құқықтық актілерді және медициналық ақпараттарды дайындады т.б.

2020 жылдан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек туралы көптеген адамның хабары жоқ. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі арнайы орталықтың қызметкерлеріне хабарласып, толығырақ ақпарат алды 

Жалпы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің көмегіне жүгіну үшін, міндетті түрде тұрақты жұмыс жасап, медициналық сақтандырылуы қажет.

 МӘМС жүйесіне кіретін қызмет түрлері:

  • ересектер мен балаларды профилактикалық тексеруден өткізу;
  • мамандардың қабылдауы -35 профиль, зерттеулер және диагностика - 228 қызмет;
  • зертханалық диагностика, сондай-ақ, бағасы қымбат тұратын диагностика түрлері. Мысалы, гормондар және онкомаркерлер;
  • жедел және созылмалы ауруларды емдеу. Жоспарлы түрде стационарға жатқызу;
  • амбулаторияда жасалатын жоспарлы хирургиялық операциялар;
  • медициналық оңалту.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санаттар:

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • жүкті әйелдер;
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • жұмыс істемейтін оралмандар;
  • жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
  • 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
  • Бала асырап алатын және 3 жасқа дейін декреттік демалыс алған адамдар;
  • мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
  • сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар;
  • тергеу изоляторларында отырғандар;
  • орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар.

Егер де сіз тұрақты табысы жоқ және мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санатқа кірмейтін жеке тұлға болсаңыз, ай сайын өзіңіз үшін кез-келген банктің терминалынан 2125 теңге төлем жасап, міндетті медициналық көмектің барлық түрін тегін қолдана аласыз.

 

 

Нұрсұлу Темірханқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір