• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
03 Сәуір, 16:24:53
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

02 Ақпан, 2020 NEWS

Айсұлтан Рахат: Мен 2016 жылдан бері отбасымнан қысым көріп келем

Фото Айсұлтан Рахаттың парақшасынан алынды

23-24 қаңтар күндері өзінің facebook-тегі парақшасында көптеген даулы жазбалар қалдырғаннан кейін үнсіз кеткен Айсұлтан Рахат әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа жазба жариялады.

Ол түкке тұрғысыз өмірінде ешкімге пайдасы тимегеніне қарамастан өзіне қолдау білдіргендерге алғысын айтты.

"Осы күнге дейін құдайдың арқасында тірі жүрмін" деген ол өзінің қайда екенін мәлім етті.

"Қазір мен алдыңғы жазбаларымды жазған жердемін. Бұл сіздердің қолдауларыңыздың арқасы. Мен 2016 жылдан бері отбасым мен отбасыма жақын адамдардан қысым көріп келем. Менің тағдырға өкпем жоқ. Оның мені бұлайша сынап жатқанынан алғыс айтам. Өйткені мен оны (құдайды - ред) таптым. Мен 14 ай бойы ресейлік түрмеде заңсыз отырғанда да, Лондондағы полиция учаскесінде болғанда да ол (құдай - ред) менің жүрегімде болды. Мен жақында басымнан өткеннің бәрін тіптіштеп айтып берем. Мен үнемі шындықты айтатынымды сіздер білесіздер. Бүгінгі шындық өте мұңлы." деді ол.

Оның айтуынша, отбасына жақын адамдар мен олардың жексұрындары ел  қазынасын мемлекеттік тендер арқылы саууын жалғастырады. Оған белгілі бір дәрежеде қолда бар мүмкіндікті пайдаланып өзгеріс жасамағаны үшін өзі де, маи қызметкерлеріне пара беру арқылы жемқорлықтың жайылуына себеп болған әр азамат та кінәлі. Ал нағыз ұятсыздар жоғарыда отыр.

Айсұлтанның жазуынша, қандайда бір орынға отыру ойы жоқ.

"Мен мемлекеттік былықтың бөлшегі болғым келмейді. Ал бөлшегі болып жатсам, онда жүйені талқандау үшін ғана болар едім. Жүйені сындыру тіпті менің биологиялық әкемнің де қолынан келмеді. Ол оны қатты қалады. Алайда оның айналасындағы кеңес одағында тәрбиеленгендер, олардың ойлау қабілетінің шектеулі болуы, өзгерістен қорқуы мүмкіндік бермеді" деп атап өтті Айсұлтан Рахат.

Ол адамдарда моральдық қағидалардың қалмағанын жазды.

"Алдымен Назарбаевтың күйеу баласын төпеледі. Енді оның туған қанына да сондайды істемек. Тым көп білгені үшін. Мұндайда шындықты айтқысы келген қарапайым азаматтың жағдайы қандай болатынын айтудың өзі қиын. Алайда шығар амал әрқашан да табылады" деген ол ары қарай дін жайлы ойларымен бөліскен.

Ілмек сөздер: Айсұлтан Рахат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір