• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:08:17
+35°

Депутат, коммунистік партияның мүшесі Владислав Косарев әлеуметтік желіде қызу талқыланған видео туралы пікір білдіріп, өзіне негативті сөздер жазған желі қолданушыларына жауап берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

– Адамдар жазса, жаза берсін. Енді, мен нарызылық білдіремін бе? Олай жасамаймын. Ондайда үндемей құтылған дұрыс. Мен өзім видеоны көрген жоқпын. Көргеннен кейін сұраған адамға жауап беретін сөз табамын. Алдымен көрейін, сосын жауап беремін, – деді Косарев.

Косаревтің жанында сөйлеп отырған депутат Берік Дүйсембинов видеоның толық нұсқасын жібере аламын деп ақталды.

– Мен бүгін толық видеоны алдым. Бұл кісі ұйықтап отырған жоқ. Бізде аударма бар ғой. Сол аударманы құлағына салып, тыңдап отырған беті. Толық видеоны қарасаңыздар, ол ыңғайлы отырып алып, менің сөзімді тыңдай бастайды. Қасындағы адам айқайлап, сұрақ қойып, сөйлеп жатқанда адам ұйықтап отырмайды ғой. Сондай бір сәтсіз кезде видеоға түсіп қалған. Негізі, ұйықтап отырған жоқ, – деді Дүйсембаев. 


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір