• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:36:30
Алматы
+35°

28 Қаңтар, 2020 Тарих

"Сұмдық! ... Елде қалған Заманбекке, Алтынбекке не істегенін ойлап көрейік"

Дәл осы – автордың "Шекесі қызған шетел аспайды" деген жазбасындағы еш түзетусіз тиянақ ой. Толығырақ ол "ел асқанды жазғырмас бұрын бүгінгі биліктің елде қалған Заманбекке, Алтынбекке не істегенін ойлап көрейік" депті.

Фото: alashainasy.kz

Бұл туралы тарихшы Камал Әбдірахман "Фейсбук" желісіндегі өз парақшасында жазды.

Осы ретте, авторлық құқықты сақтай отырып, толық мәтінді қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

ШЕКЕСІ ҚЫЗҒАН ШЕТЕЛ АСПАЙДЫ

Кім Отанын тастап, туған жерін қиып кетеді? Бұл  – қазақтың маңдайына біткен бір соры. "Ақтабанда... " басталған шұбырынды тоқтамай-ақ қойды. 1720 жылдары қанша қазақ тентіреп өзбек, түркімен, тәжік асты? Кім санады? Қаншасы оралды, қаншасы ұлтын ұмытып, жатқа сіңіп кетті? 1830 жылдардан соң қанша қазақ атасы басқа мыңғұл жеріне қотарылды? 1864 жылы орыс пен қытай шекара бөлгенде қанша қазақ от орында отырып, бірақ күнде қытай жерінен шықты? Онан 1916 орыс соғысының әскеріне жігіттерін бермейміз деп, онан соң коллективтендіруге көнбейміз деп қанша қазақ қытай, мыңғұл, ауған асты? Кім санапты? Жетіскенінен ауып жүр ме? Солардың ұрпақтары бүгін елге оралып, қазағы үшін еңбек етуде. Қазақ ғылымына, әдебиетіне, өнеріне жаңа серпін, айта берсек, жақсы мағынасындағы бәсекелестік ала келді. Бүгін Нығмет Мыңжан, Зардыхан Қинаятұлы, Майра Мұхаметқызы, Қаржаубай Сартқожа, Тұрсынхан Зәкенұлы, Ауыт Мұқибек, Дүкен Мәсімхан, Бақыт Еженхан, Бекен Қайратұлы секілді етбауырларымыз қазақ мәдениетімен өнерімен ғылымымен біте қайнасып кетті. Екінші д.ж. с. біткен соң немісте тұтқында болған қанша солдат елге қайтпай түріктерге, АҚШ-қа кетті? Менің ауылымнан ғана екі азамат аталатын. Қазақстанда ең кемі оң мыңдай ауыл бар. Ал, санашы. Сұмдық! Шет ел асқанды жазғырмас бұрын бүгінгі биліктің елде қалған Заманбекке, Алтынбекке не істегенін ойлап көрейік. Елден кетпеген Ғалымжанды жеті жыл түрмеге қамады. Бұлардың қазаққа жасаған қиянаты, еш жазығы жоқ қой. Бас амандығын, отбасының саулығы мен балаларының қамын ойлап, қан жылап шетке кеткендерді бекер жазғырмайық, азаматтардың амандығын тілейік.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір